27
сентябрь
2024
«Директор сағаты»
Жетісу облысы білім басқармасыныңТалдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, Nº19 орта мектебінде 27 қыркүйек күні мектеп директоры Замзина Қарлығаш Келісқызы «Директор сағаты» жобасы аясында жеке қабылдау күнін өткізді. Қабылдауға келген әр ата-анамен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдағы оқу жылына байланысты білім сапасын жақсарту және оқушылармен жұмыс жайлы тақырыптар қозғалды.Жеке қабылдау барысында мектеп әкімшілігі 2024-2029 жылдарға арналған мектептің даму жоспарын талқылады.Сондай-ақ, ата-аналар мектеп окушыларының ыстық, тамақпен сапалы қамтылғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.