04
март
2024
"Рақмет саған, мектебім!" атты мерекелік концерттік іс-шара
01.03. күні біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Мектептегі бір күн» жобасы аясында «Рақмет саған, мектебім!» атты мерекелік концерттік іс-шара өтті. Аталған іс-шараға мектебіміздің ата-аналар комитеттерінің төрайымдары мен «Ұлағатты әкелер» кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараның мақсаты:Азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Жас жеткіншектердің ризашылық пен алғыс, сыйластық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру және үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым-қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.