«Алтын балалық шақ» декадасы аясында , «Жазды қуанышқа толтырайық»
М.Жұмабаев атындағы 19 орта мектеп-гимназиясында 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған «Алтын балалық шақ» декадасы аясында , «Жазды қуанышқа толтырайық» тақырыбында мектеп жанындағы жазғы алаңның ашылу салтанаты өткізілді. Мектеп директоры Қ.К. Замзина балаларды жазғы алаңның ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Алаңның ашылу салтанатында балалар балалық шақ, туған жер, жазғы демалыс туралы жыр шумақтары мен ән салып, би билеп өнерлерін көрсетті. Жазғы