Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гииназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-44-52
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-44-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2019

«Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат»

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңғыртудан қашпайық.
Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған.
Тәлімді ой, тәрбие көзін қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050: Мәңгілік ел» атты жолдауында айтылғандай: «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз Тәуелсіздікпен бірге осы армандарды ақиқатқа айналдырдық деп – болашақ жастарға, келер ұрпаққа өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала отырып, байлығымыз да, бақытымыз да бола білген мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау үшін жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесіне баса көңіл бөлуді, назар аударуды атап көрсетті.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» бағдарламасы негізінде «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушылардың бойына ұлы дала перзенттерінің отансүйгіштік, адалдық, батырлық, шыншылдық қасиеттерін сіңіру. Ұлттық құндылықтар негізінде салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, тіліміз бен дінімізді, ата-бабамыздан қалған тарихи жәдігерлерді келешек ұрпақтың санасына сіңіру, ұлт болашағын ойлайтын, өз елінің патриоты екенін сезінетін тұлға тәрбиелеу.
Өз елінің патриоты екенін сезінетін тұлға тәрбиелеу. Республика көлемінде аталып өтіп жатқан іс-шараларға тоқталатын болсақ, «28 Панфиловшылардың Москва үшін шайқасына 75 жыл», «Алаш» партиясының құрылғанына, «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына» 103 жыл, «Желтоқсан оқиғасына» 33 жыл, еліміздің Тәуелсіздігіне 28 жыл толып отыр. Осы іс-шараларды басшылыққа ала отырып, тәрбие сағатында «Бұмын қағанның өсиеті», «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары, «Абылайдың түсі», «Абылай хан мен батырлардың ерлігі», «Ұлт мүддесі жолында», «Сталинге хат», «Ұлы Отан үшін шайқас», «Ызғарлы желтоқсаннан қалған әйгілі суреттегі қайсар қыз», Тәуелсіздік,Мәңгілік Ел шежіресі кезеңдерінен тарихи көріністер қойылды. Бұл шараға мектептің 200 -ге жуық оқушылары және ұстаздары қатысты. Аталған шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожекенова Айгүл Ақажанқызының жетекшілігімен Досаева Нұрфазила Сатылханқызы, Елеусізова Бибігүл Төлегенқызы, Дюсембинова Назира Ермуханқызы, Аюпова Маржангүл апайларымыз басқарып, үлкен жауапкершілікпен ұйымдастырып, өткізді.
Қойылымда Абылай рөлін Кунафин Думан, Бұхар жырау рөлін Умаров Қуандық, ана рөлін Бейсенова Назым , Батыр рөліндегі Еркебұлан сияқты талантты ұстаздар сомдады.
Мектеп атынан шараға белсене ат салысқан оқушылар мен ұстаздарға және музыка жетекшісі Гүлназ апайға, техникалық көмек көрсеткен Беглов Нұрланға, сол сияқты массовкаға қатысқан Аңсаған, Сарсенбаева Айжан апайларға алғыс айтамыз.


Похожие публикации:

13 декабрь 2019 Тәлім сағаты
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив