Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гииназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-44-52
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-44-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді
04
декабрь
2022

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді 
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгіну арқылы азаматтар ақпараттық-анықтамалық сипаттағы консультациялар ала алады және қаржы реттеушісінің қызметіне қатысты мәселелерді жедел шеше алады. 
Қаржы реттеушісінің өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарайды және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы заңнама нормаларына, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың қызметіне, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына жан-жақты түсіндірмелер береді. Қажет болған жағдайда қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері қарыз алушылар үшін банктердің, МҚҰ немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра алады. 
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін. 
Тұтынушылар сонымен қатар Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла алады. Өтініш берушілерді жеке қабылдау кестесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/article/details/15240?lang=ru.
Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне қалай жазылуға болады?
Ол үшін:
- Yermek.Utemisov@finreg.kz электрондық мекенжайына өзінің аты-жөнін, ЖСН, байланыс деректерін, ұйымның толық атауын, өтініштің қысқаша сипаттамасын жіберу керек және міндетті түрде «Азаматтарды қабылдауға жазылу» тақырыбын көрсетуі немесе осы ақпаратты қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша хабарлауы қажет;
- портал арқылы ресми өтініш беру egov.kz, «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе жазбаша түрде: А15с9т5, Алматы қ., Көктем-3 шағынауданы, 21 үй мекенжайы бойынша. 
Өңірлердің тұрғындары тұрғылықты жері бойынша Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына жүгіне алады.  
Өтініш берушінің мәселенің мәні баяндалмаған қабылдау туралы өтініші қараусыз қалдырылады. 
Қосымша кеңес алу үшін Агенттікке «1459» нөмірі бойынша (жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін) немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы хабарласа аласыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив