Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гииназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-44-52
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-44-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді»
19
март
2024

«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді»

«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген ұстаныммен бүгін, 19 наурыз- Жаңару күні аясында қасиетті, Мағжан ата мектебімізде тал егу игі іс-шаралары ұйымдастырылды.
 Атадан балаға мирас болып қалған бұл дәстүрді 11-сыныптың «Алтын белгі» мен Үздік аттестатқа үміткер оқушылары мен ата-аналары Ұлыстың ұлы күнінде кейінгі буынға өнеге көрсету мақсатында жаңа өмірге, жаңа мақсаттарға бағытталған игі жақсылықтың бастамасы екендігін  айқын көрсетті.
 Мектеп директоры Қарлығаш Келісқызы «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген мағынасы терең, алғыр сөзбен Әз Наурыздағы халықтың алты ай қыстан аман шығып, Жаңару күнінде көктемнің жаңа оянған тыныс-  тіршілігі - жақсылықтың, молшылық пен байлықтың белгісі екендігін айтып өтті.  Сән-салтанаты жарасқан осы күндер жыл бойы жалғасын тауып, мектеп бітіруші түлектердің алдағы ҰБТ-ден де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізулеріне ізгі ниетін  білдірді. 
  Мектеп алаңына егілген жеміс ағаштары  пайдаға асып, құстар ұясын салып,өз жемістерін беріп, әрбір білім алушы көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, нағыз маңызды істің жүзеге асқандығы. Тал егу игі шаралары ары қарай да жалғасын табатындығына хақ сенімдіміз.
 Әз Наурыз құтты болсын, Қазақ жұрты!
 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив