05
сентябрь
2024
Жалпы ата-аналар жиналысы
М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 05 қыркүйегі күні Әр отбасының бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын арттыру, баланың жағымды әдеттер мен құнды қасиеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, оқушы қауіпсіздігіне байланысты жалпы ережелерді түсіндіріп, кеңестер беру, мектеп ережеіс, формасы мен ішкі тәртібін ата-аналарға түсіндіру мақсатында «Жаңа оқу жылының негізгі бағыттары: міндеті, мәселесі, шешу жолдары» тақырыбындағы жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Талдықорған қаласы ТЖБ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТОБЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ ПОДПОЛКОВНИК МАНАСОВ БАУЫРЖАН КЕНДЕБАЕВИЧ, Талдыкорган қаласының ТЖБ аға инженері азаматтық корғау аға лейтенанты Нуртаев Абзал Нартаевич, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының дінтанушы-психологі Маратұлы Қанат мырза, Талдықорған қалалық полиция басқармасының аға учаскелік инспекторы полиция майоры Еркенбекова Асель Сламбайқызы, мектеп-гимназия бойынша құқық және әдеп менторы Бақытжан Уәлиханұлы арнайы қатысып, кәмелетке жасы толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ, оқу демалысы уақыттарында жол ережелері, қауіпсіздік ЕРЕЖЕЛЕРІ сақтау жайында көптеген ойлар айтылып, өзара пікір алмасты. БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА: Білім беру ұйымдары деңгейінде, Педагогтер деңгейінде, Отбасымен ынтымақтастық деңгейінде, Қоғамдық серіктестермен өзара іс-қимыл деңгейінде жүргізілетінін нақты дәлелдер келтіре отырып айтты. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті екенін айта келе, бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керектігін, ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс екені айтылып, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқаттығын нақтылап жеткізді. Жиналыс соңында кері байланыс орнатылып, қауіпсіздік ережелері таратылды. Жиналысқа 150 ата-ана,50 мұғалім қатысты.