06
октябрь
2024
Талдықорғанда Қасым-Жомарт дауыс берді.
Талдықорғанда Қасым-Жомарт дауыс берді
Талдықорғанда тұңғыш рет ҚР Президентінің атымен аттас 18 жастағы қала тұрғыны Қасым-Жомарт өз таңдауын жасап, №396 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Бүгінгі референдумда мен ел болашағы үшін алғаш рет таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін маңызды қадам. Еліміздің болашағы жарқын болуына өз үлесімді қосуға дайынмын», - деді Қасым-Жомарт.
Айта кетейік, бүгін Республикалық референдум күнінде алғаш рет дауыс беріп жатқан 2000-нан аса сайлаушы бар.