Ата-баба ұрпаққа аманат
Ағымдағы жылдың 28.04. күні М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гимназиясында дәстүрлі түрде өтетін «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында «Діни экстремизм- бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында тәлім сабағы жоғары деңгейде өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу.