Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гииназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-44-52
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-44-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
08
апрель
2022
«Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
Сәуір айының 8 күні 9 сынып оқушыларының ата-аналарға  кәсіптік бағдар беруге байланысты «Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналыста мектеп  директоры Қ.Т.Сарқытов  мамандық таңдаудың маңызы, ата-ананың бала өміріндегі алатын орны туралы айтып өтті. Мектеп  пихологтары оқушылардан алынған тест нәтижелерімен  таныстырып, кәсіптік бағдар бойынша ата-аналарға кеңестер берді. 
Құттықтаймыз!
02
март
2022
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің шебер-педагогы Исаева Светлана Нұрғазықызының ақындық өнерге баулып жүрген 9«Ә» сынып оқушысы  Қайратқызы Ақмарал бүгінгі қалалық  Қадыр оқуларының «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» бағыты бойынша  І орынды   жеңіп алды. Қазақ тілін сақтау — ата-баба аманатын сақтау деген сөз. Сондықтан әрбір азамат  қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, өз тілін құрметтесе, ұлтымыздың болашағы жарқын болатыны сөзсіз.
Пікірсайыс!
25
январь
2022
Пікірсайыс!
25 қаңтар күні №19 Мағжан Жұмабаев атындағы орта – мектеп гимназиясында «Жалын» дебаттық еріктілер клубының оқушылары арасында «Қазіргі адамдардың заманауи болуы», «Жекеменшік мектептер», «Дәстүрлі медицина» , «Ғаламтордың пайдасы», «Слактивистер», «Туризімнің пайдасынан зияны көп» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. 8 команда мүшелері қатысып 3 критерий бойынша мықты қатысушылар анықталды.
«Пиротехника» жедел-профилактикалық түсіндіру жұмыстары
24
декабрь
2021
«Пиротехника» жедел-профилактикалық түсіндіру жұмыстары
Жаңа жыл мерекесі жақындап келеді. Осы кезде отшашулар секілді пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан, сондай-ақ олардың сапасыздығынан өрт шығып, адамдар жарақат алып жатады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін мектеп инспекторы А.Ерденбекова  тәрбие бөлімімен бірлесіп мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына «Пиротехника» жедел-профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҚҰТТЫҚТАУ!
19
декабрь
2021
ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті әріптестер, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, «Жасампаздыққа толы жылдар» аясында қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мектебіміз қала Әкімінің Құрмет грамотасымен және ескерткіш сыйлықпен марапатталды. Барлықтарыңыздың мектептің жетістігіне қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз, мектебіміздің  мерейі үстем, мәртебесі қашан да биік болсын!!!
«Кел, балалар, оқылық!»
27
октябрь
2021
«Кел, балалар, оқылық!»
2021-2022 жаңа оқу жылының басталуына орай 1-қыркүйек Білім күніне байланысты «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында Талдықорған қаласының білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиыны өткізіліп, 1-сынып оқушыларына «ӘЛІППЕ» кітабын тапсыру салтанаты өткізілді.
Республикалық ашық тәрбие сағаты
27
октябрь
2021
Республикалық ашық тәрбие сағаты
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіз елдің ұландары» атты  республикалық ашық тәрбие сағаты өтті Мақсаты: Іргетасы қаланған жаңа Қазақстанның, керегесі кеңейген қазақ елінің кезеңдері мен мерейлі мемлекетке айналған сәттерді жас ұрпақтың санасына сіңіру, еліне деген сүйіспеншіліктерін ұлттық құндылықтар тұрғысынан ояту, патриоттық рухтарын нығайту. Болашаққа сеніммен қарайтын тұлға тәрбиелеу.
«Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі»
12
октябрь
2021
«Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі»
Талдықорған қаласы Ардагерлер үйімен бірлескен «Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі»тақырыбында бүгінгі күннің қаһармандарымен кездесі ұйымдастырылып, өткізілді.