Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп гииназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 25-44-52
Есепші бөлімі:
+7(7282) 25-44-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп психолгтарының 1 сынып оқушыларымен жұмысы
18
апрель
2022
Мектеп психолгтарының 1 сынып оқушыларымен жұмысы
Мектеп  психологтары   А.А.Шаяхметова   мен   М.М.Қабылбекова   мектепалды   даярлық  сынып, 1  сынып   оқушыларына  ұсақ  қол   моторикасымен  жұмыс    жасата   отырып,     танымдық  қабілеттерін   дамыту  жұмыстарын жүргізді.
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
18
апрель
2022
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!!! 2021-2022 оқу жылына 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау ережесін ұсынамыз. 📌Құжат қабылдау 2021 жылдың 1-сәуірінде басталып, 1-тамызға дейін жалғасады; 📌Өтінішті egov.kz және es.e-zhetysu.kz электрондық мектеп» арқылы беруге болады. ✔ ️Қажетті құжаттар тізімі: 🔖Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);  🔖 Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;  🔖 «Бала денсаулығы паспорты»  (026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы
“Кәсіптік бағдар беру” туралы
14
апрель
2022
“Кәсіптік бағдар беру” туралы
Қазіргі таңда кәсіптік білім беру саласында  адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау кезек күттірмейтін талап.  Адам еңбек ету іс-әрекетіндебілім мен ептілікті игеру үшін кәсіптік білім беру қажет. Кәсіби білім – қандай да бір кәсіп аясында біліктілік қызметіне қажетті жүйелі білік, дағдыларды игеру процессі, құралы мен нәтижесі, және де сол кәсіби ортаға сай мінез-құлық ережелері мен нормаларды сақтауды қарастырады. Бүгін мектебіміздің оқушыларына
«Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
08
апрель
2022
«Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы
Сәуір айының 8 күні 9 сынып оқушыларының ата-аналарға  кәсіптік бағдар беруге байланысты «Мамандық таңдауда ата-ананың маңызы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналыста мектеп  директоры Қ.Т.Сарқытов  мамандық таңдаудың маңызы, ата-ананың бала өміріндегі алатын орны туралы айтып өтті. Мектеп  пихологтары оқушылардан алынған тест нәтижелерімен  таныстырып, кәсіптік бағдар бойынша ата-аналарға кеңестер берді. 
Құттықтаймыз!
02
март
2022
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің шебер-педагогы Исаева Светлана Нұрғазықызының ақындық өнерге баулып жүрген 9«Ә» сынып оқушысы  Қайратқызы Ақмарал бүгінгі қалалық  Қадыр оқуларының «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...» бағыты бойынша  І орынды   жеңіп алды. Қазақ тілін сақтау — ата-баба аманатын сақтау деген сөз. Сондықтан әрбір азамат  қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, өз тілін құрметтесе, ұлтымыздың болашағы жарқын болатыны сөзсіз.
Пікірсайыс!
25
январь
2022
Пікірсайыс!
25 қаңтар күні №19 Мағжан Жұмабаев атындағы орта – мектеп гимназиясында «Жалын» дебаттық еріктілер клубының оқушылары арасында «Қазіргі адамдардың заманауи болуы», «Жекеменшік мектептер», «Дәстүрлі медицина» , «Ғаламтордың пайдасы», «Слактивистер», «Туризімнің пайдасынан зияны көп» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. 8 команда мүшелері қатысып 3 критерий бойынша мықты қатысушылар анықталды.
«Пиротехника» жедел-профилактикалық түсіндіру жұмыстары
24
декабрь
2021
«Пиротехника» жедел-профилактикалық түсіндіру жұмыстары
Жаңа жыл мерекесі жақындап келеді. Осы кезде отшашулар секілді пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан, сондай-ақ олардың сапасыздығынан өрт шығып, адамдар жарақат алып жатады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін мектеп инспекторы А.Ерденбекова  тәрбие бөлімімен бірлесіп мектебіміздің 1-11 сынып оқушыларына «Пиротехника» жедел-профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҚҰТТЫҚТАУ!
19
декабрь
2021
ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті әріптестер, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, «Жасампаздыққа толы жылдар» аясында қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мектебіміз қала Әкімінің Құрмет грамотасымен және ескерткіш сыйлықпен марапатталды. Барлықтарыңыздың мектептің жетістігіне қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз, мектебіміздің  мерейі үстем, мәртебесі қашан да биік болсын!!!